Екінші тоқсанда мектебімізде робототехника әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі — FIRST Robotics деп аталатын робототехникадан қалалық жарыстар өтті.
Біздің оқушылар FLL Explore, FLL Challenge, FTC және Bridge Building Challenge сынды бірнеше санат бойынша бақтарын сынады.
Әр санат бойынша командалар жоғары нәтиже көрсетті:
🏆 FLL Explore
IQrobots командасы Smart Programming Award сыйлығын алды.
Сондай-ақ, бүгін BriQbuilders (FLL Explore) командасы First Central Asia Championship-тің келесі кезеңіне жолдама алды.
🏆 FLL Challenge
BriQbuilders командасы — Astana First regional 2025 – Champions Award (финалистері).
Archeobots командасы — Rising All-Stars сыйлығына ие болды.
🏆 FTC
Quantum Х командасы бұрынырақ Engineering Excellence марапатына ие болды, сонымен қатар аймақтық чемпионаттарда бірнеше марапаттарға ие болды:
• Astana First Regional — Design Award номинациясында 2-нші орын
• Mangystau First Regional — Finalist Alliance Partner, Sustain Award
Бүгін Quantum X командасы беделді Inspire сыйлығының иегері болды, ол біздің оқушыларға First Central Asia чемпионатына жолдама берді.
🏆 Bridge Building Challenge (6 сыныптар арасында)
Байқау жеңімпаздары креативтіліктері мен инженерлік ойлауымен ерекше көзге түсті.
Оқушыларымыз бен тәлімгерлерімізді тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз және келесі кезеңдерде де толағай табыс тілейміз!


