QZv
Главная > Quantum өмірі

Quantum өмірі

Quantum Houses-ға бөлу

Quantum Houses-қа бөлу жүйесі – бұл мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің бір-бірімен жайлы қарым-қатынас құру мен ұжымдық  мәдениетін қалыптастырудың қызықты әрі тексерілген тәсілі.

 

Бұл жүйені қолдану оқушылардың мінез-құлқын қалыптастырады, командада жұмыс істеу қабілетін, салауатты бәсекелестікті дамытады, сондай-ақ  өзімен қатарлас оқушылармен де, жоғарғы және төменгі сынып оқушыларымен тез тіл табысуына ықпал етеді. Quantum Houses-қа бөлудің арқасында оқушылар бір үйдің балаларындай бірлікте өмір сүруге үйренеді.  Оқу жылы бойы Quantum Houses түрлі іс-шаралар мен жарыстар өткізеді.

Үйірмелер

Сыныптан тыс сабақтар аясында мектеп базасында үйірмелер мен клубтар жұмыс істейді. Олардың қызметі мен мазмұны баланың жеке тұлға ретінде дамуына, оның бойындағы дағдыларды одан әрі дамытуға бағытталған. 

Үйірмелер құрылымы оқушыларымыздың сұраныстары мен қажеттіліктеріне байланысты. 

Quantum STEM мектебінде оқушының қабілеттерін дамытуға арналған «қызығушылықтар бойынша» түрлі үйірмелер бар. Оған хореография, құрақ құрау, аспаздық, киімді моделдеу, ағаш ою, садақ ату, авиамоделдеу, керамика, оригами, фотостудия, 3D моделдеу, тіл үйрену, спорт секциялары және т.б. сабақтар кіреді.