QZv
Главная > Академиялық бағдарлама

Академиялық бағдарлама

Quantum STEM инновациялық мектебі – Сингапур мен АҚШ-тың үздік мектептерінің озық тәжірибелері негізінде құрылған біздің аймақтағы алғашқы STEM мектебі.

Quantum STEM департаменттары

Ғылым

Инженерия

Лингвистика

Математика

Гуманитарлық ғылымдар және өнер

Академиялық бағдарлама

Quantum STEM  мектебін таңдаудағы негізгі себеп – мектептің академиялық бағдарламасы. Quantum STEM Curriculum – өзінің тиімділігін көрсеткен халықаралық бағдарламалар мен мемлекеттік бағдарламалардың үйлесімділігі. Ол оқушының мектепте оқып жүрген кезінде қалыптасатын негізгі әмбебап дағдылары мен құзыреттеріне және мектеп құндылықтарына негізделеді.

1-5

Primary School

Бастауыш буында жалпы білім беретін пәндерден басқа, Cambridge және мемлекеттік білім беру бағдарламаларына негізделген жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер Сингапур әдістемесі бойынша оқытылады, оның ерекшелігі оқытуда concrete-Pictorial-Abstract (CPA) тәсілі қолданылады. Бұл – оқушылардың математика мен ғылым туралы білімін тереңдетуге бағытталған өте тиімді тәсіл.

 

Біздің мектеп әлемнің 80 елінде ұсынылған жетекші сингапурлық Marshall Cavendish баспасымен тікелей ынтымақтастық жасайды, бұл бізге білім беру платформаларына, интерактивті цифрлық оқулықтарға, мұғалімдерге үнемі әдістемелік және техникалық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. «Сингапур ғылымы» бойынша сабақтар ерте жастан бастап оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ оларды орта мектепте күтетін терең бағдарламаға дайындау үшін зертханалық жұмыстармен қатар жүреді.

6-7

Lower Secondary

Мектептің орта буынында жалпы білім беретін пәндерден басқа, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер Кембридж бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Ол бағдарлама оқушы бойында негізгі академиялық дағдыларды, жеке зерттеу жұмысын жүргізу дағдысын, өз ойын тұжырымдау және командада жұмыс істей алу қабілеттерін дамыта отырып, пәнді терең түсінуге бағытталған. 

8-9

Upper Secondary (IGCSE)

Бұл бағдарлама оқушыларды жоғары сынып материалын игеруге дайындай отырып, олардың бойында өмір бойы сақталатын дағдыларды қалыптастырады. 9-сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар мемлекеттік емтихандардан басқа Кембридж университетінің IGCSE емтихандарын тапсыруға мүмкіндік алады.

10-11

Lower Secondary

Жоғары сыныптар жалпы білім беретін пәндерден басқа, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер A-Level және Advanced Placement бағдарламалары бойынша оқытылады. Ол кезде оқушы пәндік бейінін өзі таңдайды: физика-химиялық немесе химия-биологиялық. Бұл бағдарламаның мақсаты – оқушыларды таңдаған бейіні немесе мамандығы бойынша одан әрі жоғары оқу орнында оқуға дайындау. 11-сыныпты бітіргеннен кейін оқушыларға мемлекеттік емтихандардан басқа Advanced Placement және A-Level халықаралық емтихандарын тапсыру ұсынылады. Осы емтихандарды сәтті тапсыра отырып, Quantum STEM School түлектері әлемнің ең беделді университеттеріне түсу мүмкіндігін арттыра алады.