


2 желтоқсанда Engineering Fair инженерлік жәрмеңкесі өтті. Іс-шара аясында оқушылар өздерінің инженерлік жобаларын ұсынып, STEM саласындағы білімдерін практикалық тұрғыда қолдана білетіндерін көрсетті, сондай-ақ өз идеялары мен әзірлемелерімен бөлісті. Жәрмеңке тәжірибе алмасуға, инженерлік ойлауды дамытуға және жобаларды таныстыру (презентация) дағдыларын жетілдіруге арналған тиімді алаңға айналды.


