


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар аясында 4 «А» сыныбының оқушыларынан құралған домбырашылар тобы өнер көрсетті. Жас өнерпаздар «Ноғайдың әні» күйін орындады.
Сондай-ақ Домбыра үйірмесінің оқушылары — Әбікен, Эмин және Жанияның орындауында «Ер Тұран» композициясы шырқалды.
Бұл шара мерекелік бағдарламаның бөлігі ретінде оқушылардың ұлттық музыкалық мәдениетке деген құрметін айқын көрсетті.


