QZv

9-11 сынып оқушыларына арналған Қысқы бал

2025 жылғы 24 желтоқсанда мектебімізде 9–11-сынып оқушыларына арналған Қысқы бал өтті. Бұл кеште жоғары сынып оқушылары салтанат, әсемдік және жаңа жылдық сиқырлы атмосфераға бөленді. Әуен, би, жарасымды бейнелер мен шынайы эмоциялар Қысқы балды мектеп өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналдырып, оқушыларға ұмытылмас әсер сыйлады

Тәуелсіз күні қарсаңында домбырашылар шеруі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар аясында 4 «А» сыныбының оқушыларынан құралған домбырашылар тобы өнер көрсетті. Жас өнерпаздар «Ноғайдың әні» күйін орындады. Сондай-ақ Домбыра үйірмесінің оқушылары — Әбікен, Эмин және Жанияның орындауында «Ер Тұран» композициясы шырқалды. Бұл шара мерекелік бағдарламаның бөлігі ретінде оқушылардың ұлттық музыкалық мәдениетке деген құрметін айқын көрсетті.

Parent-Teacher Association аясында ата-аналар арасында волейбол турнирі

6 желтоқсанда мектепте Parent-Teacher Association (PTA) аясында ата-аналар арасында волейбол турнирі өтті. Іс-шара достық әрі спорттық атмосферада өтіп, мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайтуға зор мүмкіндік болды. Турнир қатысушылары командалық рухты, белсенді өмірлік ұстанымды және мектеп бастамаларын қолдауға дайын екендерін көрсетті. PTA шеңберінде ұйымдастырылатын мұндай іс-шаралар мектеп қауымдастығын дамытуға, ата-аналар мен ұстаздар арасындағы серіктестікті… Continue reading Parent-Teacher Association аясында ата-аналар арасында волейбол турнирі

7–9-сынып оқушыларына арналған Engineering Fair

2 желтоқсанда Engineering Fair инженерлік жәрмеңкесі өтті. Іс-шара аясында оқушылар өздерінің инженерлік жобаларын ұсынып, STEM саласындағы білімдерін практикалық тұрғыда қолдана білетіндерін көрсетті, сондай-ақ өз идеялары мен әзірлемелерімен бөлісті. Жәрмеңке тәжірибе алмасуға, инженерлік ойлауды дамытуға және жобаларды таныстыру (презентация) дағдыларын жетілдіруге арналған тиімді алаңға айналды.

2025 жылғы желтоқсан айында өткізілетін іс-шаралар жоспары

2025 жылғы қараша айында өткізілетін іс-шаралар жоспары

2025 жылғы қазан айында өткізілетін іс-шаралар жоспары

Қауіпсіз демалыс

Quantum футбол кубогы

Мектебімізде Quantum футбол кубогы өтті. Жас ойыншылар жылдамдықтарын, ынтасын және нағыз командалық рухты көрсетті. Турнир қызықты да әсерлі өтіп, қатысушылар мен көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлады.

Spirit day — Crazy Hair day

Мектебімізде көңілді әрі креативті Crazy Hair Day өтті. Оқушылар түрлі-түсті, ерекше және қиялға толы шаш үлгілерін көрсетті — өрілген шаштардан бастап ерекше пішінді сәндеулерге дейін. Шара күлкі мен жағымды эмоциялар сыйлап, шығармашылық пен өзіндік стильдің көрінісіне айналды.