2026 жылғы ақпан айында өткізілетін іс-шаралар жоспары
Quantum STEM School ұжымы оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды! 2026 жыл жаңалықтарға, өз күшіңізге деген сенімге, шабыт пен жарқын жетістіктерге толы болсын. Баршаңызға зор денсаулық, қуаныш, оқу мен еңбекте табыс, сондай-ақ жақындарыңызбен бірге өткізетін жылы да қымбат сәттер тілейміз. Жаңа жылдың әр күні даму мен қызықты идеяларға, жағымды… Continue reading Жаңа жыл құтты болсын!
Екінші тоқсанда мектебімізде робототехника әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі — FIRST Robotics деп аталатын робототехникадан қалалық жарыстар өтті. Біздің оқушылар FLL Explore, FLL Challenge, FTC және Bridge Building Challenge сынды бірнеше санат бойынша бақтарын сынады. Әр санат бойынша командалар жоғары нәтиже көрсетті: 🏆 FLL Explore IQrobots командасы Smart Programming Award сыйлығын алды. Сондай-ақ, бүгін BriQbuilders… Continue reading First Robotics
Биыл Quantum STEM School бастауыш сынып оқушылары жаңа жылдық ертеңгіліктерін AVATARIYA-да өткізді. Мереке жарқын, көңілді әрі нағыз сиқырға толы өтті. Балаларды қызықты ойындар, мерекелік көңіл-күй және көптеген жағымды эмоциялар күтіп тұрды. Жаңа жылдық ертеңгіліктер балаларға шаттық, күлкі мен ұмытылмас әсер сыйлады.
2025 жылғы 26 желтоқсанда Quantum STEM School мектебінде Spirit Day — Pyjama Day өтті. Бұл күні мектепке жылулық, жайлылық пен көтеріңкі көңіл-күй орнады: оқушылар сүйікті пижамаларын киіп келіп, достық әрі еркін атмосфера қалыптастырды. Pyjama Day оқу жылын жағымды көңіл-күймен аяқтауға және мектеп қауымдастығындағы өзара қолдау мен бірлікті тағы бір мәрте сезінуге тамаша мүмкіндік берді.
2025 жылғы 24 желтоқсанда мектебімізде 9–11-сынып оқушыларына арналған Қысқы бал өтті. Бұл кеште жоғары сынып оқушылары салтанат, әсемдік және жаңа жылдық сиқырлы атмосфераға бөленді. Әуен, би, жарасымды бейнелер мен шынайы эмоциялар Қысқы балды мектеп өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналдырып, оқушыларға ұмытылмас әсер сыйлады
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар аясында 4 «А» сыныбының оқушыларынан құралған домбырашылар тобы өнер көрсетті. Жас өнерпаздар «Ноғайдың әні» күйін орындады. Сондай-ақ Домбыра үйірмесінің оқушылары — Әбікен, Эмин және Жанияның орындауында «Ер Тұран» композициясы шырқалды. Бұл шара мерекелік бағдарламаның бөлігі ретінде оқушылардың ұлттық музыкалық мәдениетке деген құрметін айқын көрсетті.
6 желтоқсанда мектепте Parent-Teacher Association (PTA) аясында ата-аналар арасында волейбол турнирі өтті. Іс-шара достық әрі спорттық атмосферада өтіп, мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайтуға зор мүмкіндік болды. Турнир қатысушылары командалық рухты, белсенді өмірлік ұстанымды және мектеп бастамаларын қолдауға дайын екендерін көрсетті. PTA шеңберінде ұйымдастырылатын мұндай іс-шаралар мектеп қауымдастығын дамытуға, ата-аналар мен ұстаздар арасындағы серіктестікті… Continue reading Parent-Teacher Association аясында ата-аналар арасында волейбол турнирі
2 желтоқсанда Engineering Fair инженерлік жәрмеңкесі өтті. Іс-шара аясында оқушылар өздерінің инженерлік жобаларын ұсынып, STEM саласындағы білімдерін практикалық тұрғыда қолдана білетіндерін көрсетті, сондай-ақ өз идеялары мен әзірлемелерімен бөлісті. Жәрмеңке тәжірибе алмасуға, инженерлік ойлауды дамытуға және жобаларды таныстыру (презентация) дағдыларын жетілдіруге арналған тиімді алаңға айналды.