QZv

Тұлғалар шеруі

Мектебімізде «Тұлғалар шеруі» атты қызықты шара өтті. Оқушылар әйгілі тарихи тұлғалардың образдарын сомдап, костюмдер, шағын таныстырылымдар және көріністер дайындады. Шара оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін танытты.

2025 жылғы ақпан айында өткізілетін іс-шаралар жоспары

«Қысқы қызықтар» активитиі

Оқушылар «Қысқы қызықтар» атты активитиға қатысып, әртүрлі қысқы ойындар мен спорттық тапсырмаларды орындады. Балалар бір-бірімен жарысып, таза ауада ойнап, қысқы көңіл күйді сезінді. Шара көңілді, белсенді және қуанышқа толы өтті.

«Кітап — менің досым» акциясы

Мектебімізде «Кітап — менің досым» атты экологиялық акция өтті. Шараның мақсаты — оқуға қызығушылықты арттыру және табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру. Оқушылар сүйікті кітаптарымен бөлісіп, буккроссингке қатысып, кітаптарды қайта пайдаланудың табиғатты сақтауға ықпал ететінін талқылады. Акция оқу мәдениеті мен экосана қалыптастыруға бағытталды.

Spelling Bee — Kazakh Version

Мектебімізде қазақ тілінде Spelling Bee сайысы өтті. Қатысушылар сөздерді әріптеп айтып, өздерінің сауаттылығын, мұқияттылығын және сенімділігін көрсетті. Шара қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықты арттырып, тілдік дағдыларды дамытуға ықпал етті.

Тотальный диктант

Мектебімізде «Тотальный диктант» акциясы өтті. Оқушылар мұғалімнің диктовкасын жазып, өз сауаттылығын, ережелерді білуін және мұқияттылығын сынап көрді. Бұл шара жазу дағдыларын жетілдіруге және сауаттылықтың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

ЮНЕСКО: «Жылды жақсылықпен баста»

ЮНЕСКО-ның «Жылды жақсылықпен баста» бастамасы аясында 6–11 сынып оқушыларына арналған волонтерлік іс-шара өтті. Оқушылар игі істерге қатысып, бір-біріне көмектесудің маңызы туралы пікір алмасты және қоғамға өз үлесін қосудың жолдарын талқылады. Бұл шара балаларды жылды жақсы істермен бастауға шабыттандырды.

2024-2025 оқу жылының күнтізбесі

Тәтті оқу күні

Мектебімізде «Тәтті оқу күні» өтті. Оқушылар сүйікті кітаптарынан үзінділер оқып, шығармаларды талқылап, өз әдеби ұсыныстарымен бөлісті. Белсенділік танытып, шағын викториналарға дұрыс жауап бергендер тәтті сыйлықтар алды. Шара оқу мәдениетін нығайтып, жағымды көңіл-күй сыйлады.

2025 жылғы қаңтар айында өткізілетін іс-шаралар жоспары